«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Табиғат-ананы қорғайық!»

2015 жылғы 25 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
15027 просмотров

Жақында ғана ірі өнеркәсіптік компаниялар өкілдері Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасында бас қосты. «Қоршаған ортаны ластаудан болған залалға экономикалық баға беру ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы жобасына болашақ өзгертулер талқылау тақырыбына айналды.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасына «AES-Өскемен ЖЭО» ЖШС және «AES – Согрин ЖЭО» ЖШС-дан ұсыныстар келіп түскен болатын.

«Су ресурстарының ластануынан болатын залалды су ресурсының фондық ластануды шегеру жөнінен экономикалық бағалауды айқындау есептеулеріне өзгертулер енгізу қажет», - деп есептейді «AES-Өскемен ЖЭО» ЖШС заңгерлік бөлімінің бастығы Еркін Нұрғазин. 

Оның айтуынша, Үлбі өзені бойындағы ЖЭО су тоғанынан жоғарыда ағын суларды жіберетін бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Сәйкесінше, ЖЭО судан ластаушы заттектері бар суды жинайды. AES басқа шаруашылық ету субъектілерінің кесірінен ЖЭО су ресурстарын тазарту бойынша шығынды мойнына ала алмайды және алуға тиіс емес. Кәсіпорын өз ластау әрекеті үшін жауапкершілікте болуға тиіс. Сондықтан да келтірілген залалды айқындау кезінде су нысанының фондық ластануын шегеріп, іс жүзіндегі ластануды айқындау қажет.

Пікірталас барысында тексеруші мемлекеттік органдардың тәжірибеде кәсіпорынның қоршаған ортаға келтірген залалын көбінесе су ресурсының фондық ластануын шегерусіз айқындайтыны аталып өтті.

«Қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау саласында, сонымен бірге су ресурстарындағы барлық нормативтерді қайта қару қажеттілігі пісіп-жетілді», - дейді «Үлбі металлургия зауыты» АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Петр Слободин.

Өңірдегі ірі металлургия кәсіпорнының өкілі кәсіпорынның іс жүзінде келтірген залалын айқындау механизмі (залалды анықтаудың барлық әдіснамасы дәл осы есептеуге құрылады) салмақты түзетуді қажет етеді деп есептейді.

Кәсіпорындар өкілдері талқылау барысында басқа да әкімшілік түйткілдерді қозғады. Атап айтқанда, қоршаған ортаға эмиссия нормативтерін айқындау әдістемесіне өзгертулер енгізу тіралы мәселе және басқалары алға тартылды.

Ақырында тараптар қоршаған ортаны ластаудан болатын залалды экономикалық бағалау Ережесіне ғана емес, өндірістік нысандардың санитарлық-қорғаныш аймақтарын белгілеу жөніндегі Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға да және басқа да бірқатар құжаттарға да нақты өзгерістер енгізу керек деген бірыңғай ойға келді.


Ұқсас жаңалықтар:

Баға көтерілуінің тізбектік реакциясы
28 Шілде
2015
Павлодар облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер