«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҰКП инвесторларды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдерін қолданумен пилоттық жобаны жүзеге асыруда ынтымақтастыққа шақырады

2015 жылғы 06 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
11681 просмотров

ҰКП 2015 жылғы 20 наурызда өтетін «Шығыс Қазақстан облысындағы Балалар бақшасы білім беру кешені» мектепке дейінгі білім беру саласында пилоттық жобаны жүзеге асыруға концессияшы таңдау жөніндегі байқау жайлы хабарлайды.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік – бұл мемлекеттік және жеке меншік сектор арасындағы жобалау бойынша қоғамдық маңызы бар жұмыстар және/немесе қызметтер ұсыну, қаржыландыру, құрылыс, қайта қалпына келтіру, оңалту, пайдалану, МЖӘ негізгі қағидаттарын сақтау шарттарында нысандарға қызмет көрсету бойынша орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік қарым-қатынастардың жиынтығы.

2014 жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы инновациялық және прогрессивтік жетістіктерді дамыту мен жетілдіруді үдету мақсатында ҚР ҰКП және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ арасында Меморандумға қол қойылды.

Бірқатар салаларда МЖӘ енгізудегі жоғары әлеует пен өткір қажеттілікті ескерген ҚР ҰКП осы процестегі өз ролін белсендіруде.

ҚР ҰКП және Шығыс Қазақстан облысы Басшылығы әлеуметтік жобаны табыспен енгізу үшін қажет қаржыландыру ұсынуға қабілетті қазақстандық және/немесе шетелдік инвесторлармен табысты ынтымақтастық құруға мүдделі.

Жеке меншік инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау, тиімді басқаруды енгізу, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жобаның жағымды әсері болып табылады. Жоба табыспен енгізілсе, Қазақстандағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмінің инвестициялық әлеуеті ашылады.

Концессия нысаны: Өскемен қаласындағы 6 (алты) балабақша және Семей қаласындағы 5 (бес) балабақша, оған балабақшалар ғимараты мен жер телімдері кіреді. Концессия мерзімі – 2015-2034 жылдар.

Жоба мақсаты балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдар жасақтау арқылы орын тапшылығын қысқарту болып отыр.

Келісім-шарт түрі: ДСҰ концессиясы сызбасы (құрылыс-беру-пайдалану). Концессияшы (инвестор) осы сызба бойынша концессия нысанын салады және құрылыс сатысы аяқталған соң оны коммуналдық меншікке өткізеді, осыдан соң нысан концессияшының пайдалануына беріледі де, концессияшы пайдаланудан табыс табады. Сонымен бірге концессияшының табысы концессия шартымен белгіленген мерзім мен көлемдегі инвестициялық шығындар өтемақысы есебінен құралады, яғни 7 жыл ішінде тең бөлікпен (мемлекет концессияшыға нысан құрылысына кеткен шығынын қайтарады), сондай-ақ қосымша қызметтер көрсетумен.

ШҚО балабақшалар жобасын жүзеге асыруды одан әрі жетілдіру мақсатында ШҚО Әкімдігі инвестициялық шығындар бойынша өтемақы мерзімін 10-нан 7 жылға дейін өзгертті, сондай-ақ отандық инвесторларды тарту мақсатында байқау құжаттамасында әрбір лотқа бір-бір балабақшадан бөлу көзделді.

Алдын ала есептеулер бойынша 2015-2034 жылдар аралығындағы қызмет кезеңі үшін 250 орындық бір балабақша мысалында. Табыс 4 354 млн. теңгені құрайды, оған кіретіндер: 2 523 млн. теңге мөлшеріндегі мемлекеттік білім беру тапсырысы, 1 495 млн. теңге тамақтануға шығынды өтеуге ата-аналар жарнасы және 336 млн. теңге ақылы қызметтер көрсетуге төлем.

Жобаның шығындық бөлігі еңбекақы, салықтар, коммуналдық қызметтер, тамақтану, жөндеу сияқты балабақшаны ұстауға және оның қызмет етуіне кететін шығындардан тұрады.

Болжам бойынша бүкіл кезең үшін шығындық бөлік 4 080 млн.теңгені құрайды, соның ішінде  инвестициялық шығындар 643 млн. теңге.

Құрылысқа кететін 643 млн. теңге мөлшеріндегі инвестициялық шығындар облыстық бюджеттен 7 жыл ішінде өтеледі.

Барлық мерзім ішіндегі кәсіпкердің білім беру қызметінен табысы 917 млн. теңгені құрайды.

Жобаның өтелімділігі пайдаланудың 5 жылында орын алады.

Байқауға Қазақстан Республикасы «Концессиялар туралы» Заңының 18 бабында және концессияшы таңдау бойынша байқау құжаттамасында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беруші барлық әлеуетті концессияшылар жіберіледі.

Қызығушылық туындаған жағдайда 8 (7172) 919-358 телефоны арқылы бізбен байланыс орнатып, қосымша ақпарат алуға болады не болмаса мына электронды мекен-жайларға хабарласыңыз: k.khamzin@palata.kz и a.manakayeva@palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер