astana-view

Департаменттер

Бәсекелестікті дамыту және тариф белгілеу департаменті

Оспанов Мұрат Сағынтайұлы

Басқарушы директор – Департамент директоры

8(7172) 91-93-84

Бәсекелестікті дамыту және тариф белгілеу департаменті (әрі қарай –Департамент) «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент барлық кәсіпкерлік субъектілерімен, заңды тұлғалар бірлестіктерімен, ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшелерімен және Департамент жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

 

Департаменттің негізгі міндеттері:

1. Монополияға қарсы заңнама саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

2. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын қысқарту;

3. Мемлекеттік тапсырмаларды орындау;

4. Мемлекеттің қатысу үлесі 50% асатын мемлекеттік кәсіпорындарды, заңды тұлғаларды құру туралы ұсыныстарды қарау;

5. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жекешелендіру рәсімдерін жүргізу кезіндегі қадағалау (Жекешелендіру жөніндегі комиссияларға қатысу);

6. Тауар нарығына кіру кедергілерін жою (реттеу институттарын енгізуді қолдану практикасын белгілеу);

7. Тариф белгілеу (табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласы).

Еншілес ұйымдар

Серіктестер